Суперауыр салмақтағы франциялық боксшы Тони Йока (15-3, 12 KO) Нигерияның Лагос қаласында өткен бокс кешінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ Йока германиялық қарсыласы Патрик Кортені (23-6-1, 19 KO) нокаутқа түсірді.
Бұл жеңіс Йока үшін кәсіпқой карьерасындағы 15-ші және нокаутпен 12-ші жеңісі болды. Сонымен қатар, оның еншісінде үш жеңіліс бар. Ал Патрик Корте кәсіпқойда алтыншы рет қатар жеңіліске ұшырады және алты рет те нокаутпен жеңілді. Оның рекордында 23 жеңіс пен бір тең нәтиже бар.
Айта кетейік, әуесқой бокста Тони Йока 2015 жылы әлем чемпионы атанып, 2016 жылғы Олимпиада ойындарында алтын жеңіп алған.