Осылайша, 4 шілдеде өтуі тиіс жекпе-жек 2020 жылдың 30 шілдесіне ауыстырылды. Өтетін орын мен қарсылас кейін белгілі болады.
31 жастағы қазақстандық 2020 жылды бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, Дубайдағы кездесуде ол 29 жастағы ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) екінші рандта нокаутқа түсірген.
Еске салайық, 2019 жылы қазақстандық боксшы Гамбургте 30 жастағы хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутпен жеңіп, IBO ұйымының құрлық аралық титулын иеленген.