1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
16 ақпан 09:57
 

Ауыр салмақта экс чемпион 22 рет жеңілген "мөшекті" нокаутқа түсіре алмады

  Пікірлер

blog.share

Ауыр салмақта экс чемпион 22 рет жеңілген "мөшекті" нокаутқа түсіре алмады ©

Германияда өткен бокс кешінде кәсіпқойға қайта оралған ауыр салмақтағы германиялық Марко Хук (44-5-1, 28 KO) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Германияда өткен бокс кешінде кәсіпқойға қайта оралған ауыр салмақтағы германиялық Марко Хук (44-5-1, 28 KO) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

41 жастағы Хукке чехиялық Вацлав Пейсармен (26-23, 21 KO) жұдырықтасты. Бір жарым жылға жуық үзіліске қарамастан, жанкүйерлер Маркодан мерзімінен бұрын жеңіс күткен еді. Алайда айқас толық он раундқа созылып, қорытындысында Хук төрешілер шешімімен ғана жеңді.

Бұл жеңіс Марко Хук үшін кәсіпқой рингтегі 44-жеңіс болды. Оның еншісінде бес жеңіліс және бір тең нәтиже бар. Ал Пейсар карьерасында 23-жеңілісіне ұшырады, оның еншісінде 26 жеңісі бар.

Марко Хук - WBO (2009–2015) және IBO (2016–2017) чемпионы болған. Кәсіпқой карьерасында ол әлем чемпионы атағы үшін 11 қарсыласын жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!