Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Балоевтің (12-1, 8 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Али 18 наурыз Дубайда өтетін бокс кешінде рингке шығады.
Бұл Балоев үшін қарымта жекпе-жек болады, қарсылас ресейлік Курейш Сагов (8-2, 4 КО).
Еске салайық, Сагов пен Балоев арасында бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйекте өткен болатын. Ол кезде ресейлік боксшы сегізінші раунд соңында қазақстандықты нокаутқа түсіріп, сенсация жасған болатын.