Бокс
16 қыркүйек 2021 15:10

Ауыр нокаутпен жеңілген Холифилд бокстан шеттетілді

©ESPN

Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Эвандер Холифилд 30 күнге бокстан шеттетілді. Бұл туралы Bleacher Report порталы хабарлады. 

Мұндай шешімді Флорида штаты Бокс комиссиясы Холифилд UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Витор Белфорттан жеңілгеннен кейін шығарды. Ал Белфорт болса бұл кездесуден кейін шеттетілмеді. Себебі, ол ауыр жарақат алмады. 

Еске салайық, әу баста бұл кездесуде Холифилдің орнына Оскар Де Ла Хойя шығу керек еді. Бірақ ол жекпе-жектің алдында коронавирус жұқтырып алды. 

Жалпы Холифилд кәсіпқой бокста 57 кездесу өткізген. Оның 44 айқасында америкалық жеңіске жетсе, 10 рет жеңіліп, екі кездесуінде тең нәтиже тіркелген. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport