Ауыр нокаут. Тұрсынбай Құлахмет карьерасында алғаш рет жеңілді

©getty images

Қазақстандық былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахмет (4-1, 3 КО) кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz.

WBC International белбеуіне таласқан жерлесіміз Лондон төрінде доминикандық Хуан Карлос Абреуге (24-6-1, 22 КО) нокаутпен есе жіберді.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Алайда тартысты айқас жетінші раундта аяқталды. Абреу біздің отандасымызды алдымен нокдаунға жіберді. Артынша нокаутқа түсірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: