auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ауыр болса да айтайын". Шетелдік маман Головкин - Деревянченко жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

"Ауыр болса да айтайын". Шетелдік маман Головкин - Деревянченко жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты
© DAZN
Украинаның кәсіпқой бокс ұлттық лигасының президенті Михаил Завьялов Luckypunch.net порталына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жегіне қатысты пікір білдірді.

Боксшылар 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында орта салмақтағы IBF титулы үшін жұдырықтасады.

"Сергей жақында ғана әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасты. Ол бәріне жалғыз қарсы тұрды. Бапкері Джейкобстың бұрышында болды ғой, ол жақсы жұдырықтасты. Енді аз уақыт өте қайта мүмкіндік алғаны тамаша.

Головкинмен жұдырықтасады, оны көптен бері, Олимпиада ойындарынан білемін. Деревянченко мұның әлем чемпионы үшін соңғы бұлқынысы екенін біледі деп ойлаймын. Оған жанкүйер боламыз. 

Аздаған басымдықты Головкинге беретін едім. Турасын айтқанда Головкиннің техникасы мықты, тәжірибесі мол, кәсіпқойда көрмегені қалмады. Әрине жасы келіп қалды, дегенмен, мысалы "Канеломен" жекпе-жекте ол жеңілген емес.

Сергей үшін өте ауыр жекпе-жек болады. Бұл қайта келмес мүмкіндік екенін түсінгендіктен барынша тістеніп қалар. Головкинге де шегінерге жол жоқ, ол өз стилінде жұдырықтасады, оның джебі жақсы, қозғалысы да әдемі, соққысы нокаутқа түсіреді. Қанша ауыр болғанымен айтайын, бұл жекпе-жекте басымдық Головкинде. 

Алайда Сергейге жанкүйерміз, ол жеңсе, мүмкін емес дүниені жасайды", - дейді Завьялов.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама