"Қажырлық танытып, тәртіп ұстансам, әлі үш-төрт жыл өнер көрсете аламын. Бұрын жіберген қателіктерім кесел болмай, ілгерлей аламын деп үміттенемін.
Жанкүйерлер Сауль Альварес, Геннадий Головкин, Дэниел Джейкобспен жекпе-жекке шыққанымды көргісі келеді. "Канеломен" жұдырықтасқанымда оның басымдығы болды, мен де бұл кездесуге толық дайындықпен шықпадым.
Головкинмен кездесу туралы айтсам, нокаутпен жеңе аламын деп елестетемін, дегенмен, ауыр айқас болады. Кейінгі екі жекпе-жегінде Головкин әдеттегіден нашарлағаны байқалды", - деп келтіреді кіші Чавестің сөзін BoxingScene.
34 жастағы Чавес кейінгі рет 20 желтоқсанда жұдырықтасып, амеркиалық Дэниел Джейкобстен бесінші раундта жеңілген болатын.