Бірінші орта салмақта IBF чемпионы, пуэрториколық Сабриэль Матиас (20-1, 20 КО) WBC белбеуіне ие америкалық Риджис Прогрейспен (29-1, 24 КО) жекпе-жек өткізгісі келеді, деп жазады Vesti.kz.
Ал Прогрейс осы демалыста төменгі дивизионда абсолют чемпион болған отандасы Девин Хэйнимен (30-0, 15 КО) жұдырықатсады. Осы айқаста Риджис белбеуін сақтап қалса, Матиас онымен жекпе-жекке шыққысы келеді.
"Прогрейс сылбыр жұдырықтасады. Иә, ол қуатты. Барды бар деу керек. Риджисті бірден ауруханаға аттандырғым келеді. Егер Хэйни жеңсе ма? Онымен айқасу құрмет болатын еді. Маған осы айқас керек, өйткені адамдар менің осы салмақта мықты екенімді әлі білмейді. Ал оған көздерін жеткізу үшін бір ғана дүние керек - маған сондай мүмкіндік беріңіздер", - деп береді Матиастың сөзін vRINGe.com.