1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 10:32
 

Әуесқойда Жәнібекті сан соқтырған өзбек боксшы нокаутпен жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Әуесқойда Жәнібекті сан соқтырған өзбек боксшы нокаутпен жеңіске жетті ©Pressa.uz

Суперорта салмақта жұдырықтасатын өзбнекстандық боксшы Бектемир Меликузиев (17-1, 11 KO) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде нокатупен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Суперорта салмақта жұдырықтасатын өзбнекстандық боксшы Бектемир Меликузиев (17-1, 11 KO) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде нокатупен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

10 раундқа жоспарланған айқаста оған ганалық Сена Агбеко (29-5, 23 KO) қарсы тұрды. Меликузиев жекпе-жекті жетінші раундта мерзімінен бұрын аяқтап, қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бұл өзбекстандық боксшының үшін кәсіпқой рингтегі 17-жеңісі және 11-нокаут болды. Оның еншісінде бір ғана жеңіліс бар. Ал Агбеко карьерасында бесінші жеңілісіне ұшырады, оның төртеуі нокаутпен аяқталған.

Меликузиевтің кәсіпқой бокстағы жалғыз жеңілісі 2021 жылдың маусым айында америкалық Габриэль Росадодан болған еді.

Айта кетейік, Бектемир Меликузиев әуесқой бокста да ірі жетістіктерге жеткен. Ол Азияның екі дүркін чемпионы (2015, 2017), әлем чемпионаттарының жүлдегері (2015 - күміс, 2017 - қола) және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!