Бокс
13 маусым 12:25
 
Атың шықпаса жер өртенің кері ме? Роналду, Конор мен Канелоны бір тізімге "тығып" жіберген

  Пікірлер

blog.share

Атың шықпаса жер өртенің кері ме? Роналду, Конор мен Канелоны бір тізімге "тығып" жіберген ©TNT Sports

Белгілі блогер әрі біраздан бері кәсіпқой боксшы болып кеткен Джейк Пол тағы да көпшіліктің назарын өзіне аударды. Бұл жолы ол жеке рейтингінде тарихта тым артық бағаланған спортшылар тізімін жасапты, деп хабарлайды Vesti.kz Sport24 порталына сілтеме жасап.

Джейк Пол жасаған тізімнің алғашқы бестігіне нағыз әлемдік жұлдыздар тұр. Олардың қатарында "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду мен UFC-дің экс чемпионы Конор Макгрегор бар. Полдың пікірінше, бұл спортшылардың танымалдығы олардың нақты спорттық жетістіктеріне сай келмейді екен.

Джейк Пол нұсқасы бойынша ең артық бағаланған 10 спортшының тізімі:

Бейб Рут (бейсбол);
Тревор Лоуренс (америкалық футбол);
Криштиану Роналду (футбол);
Райан Гарсия (бокс);
Конор Макгрегор (ММА);
Дак Прескотт (америкалық футбол);
Энтони Эдвардс (баскетбол);
Сауль Альварес (бокс);
Туа Таговайлоа (америкалық футбол);
Энтони Джошуа (бокс).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!