Өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) әуесқой боксқа оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол Олимпиада ойындарына тағы бір қатысып көрмек.
30 жастағы спортшы екі дүркін Олимпиада чемпионы (2020, 2024). Алайда ол тағы бір алтын алып, бокс тарихына атын жазғысы келеді.
Төрт жылдықтағы Жазғы ойындарыдың алтынын үш рет алған 3 қана боксшы бар. Олар венгриялық Ласло Папп (1948, 1952, 1956), кубалықтар Теофило Стивенсон (1972, 1976, 1980) және Феликс Савон (1992, 1996, 2000).
Баходир де осы тізімде болғысы келеді
"Не болатынын көреміз. Әлі не айтарымды білмеймін, бірақ, шешім қабылдайтын уақыт келгенде Лос-Анджелес туралы ойланамын.
Мен Олимпиаданың үш дүркін чемпионы атанып, тарихқа атымды жазғым келеді, алайда, қазір мен үшін кәсіпқойдағы карьерам маңызды", - деп береді Баходирдің сөзін Boxing news.
Жарнама