Бокс
14 қыркүйек 2021 11:42

"Аты шықты...". WBA ұйымы "Акуланы" бірінші раундта құлатқан қазақ боксшыны ерекше атап өтті

©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық Бек Нұрмағанбет (5-0, 3 КО) пен "Акула" лақап атты мексикалық Бруно Сандовалдың (21-5-1, 17 КО) жекпе-жегіне қатытсы пікір білдірді.

"Бек Нұрмағанбет мексикалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірді де, екінші орта салмақта WBA International титулын жеңіп алды. 23 жастағы боксшы тәжірибелі қарсыласынан басым түсті.

Нұрмағанбет мексикалыққа тыным бермей, айқас бастала сала оны тізе бүктірді. Бірінші аймақтың белбеуін иеленген Бек халықаралық бокс картасына өз атын жазды. Бұл оның карьерасындағы бесінші жеңісі және нокаутпен үшіншісі. Ал Сандовал бесінші рет жеңілді, сонымен қоса, ол 21 жеңіске жетті және бір рет тең түскен", - деп жазады WBA ұйымының ресми сайты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport