Бокс
5 қаңтар 09:02

Аты шулы "есерсоқ" боксшы рингке оралатын болды

©

Бір жыл бұрын карьерасын аяқтаған суперауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри (34-2-1, 24 KO) 2026 жылы кәсіпқой рингке қайта оралатын ниеті растады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рингке оралу туралы мәлімдеме

37 жастағы британиялық бұл шешімін әлеуметтік желі арқылы жариялап, үзіліс өзіне пайдасын тигізгенін және үлкен жекпе-жектерге дайын екенін аңғартты.

"2026 жыл - патшаның қайта оралатын жылы. Сәл шетте қалып қойдым, бірақ, енді қайта қатардамын. 37 жастамын, айқасқа түсуге қайта дайынмын. Ерлерді бетінен ұрған үшін ақша алудан асқан жақсы нәрсе жоқ", - деп жазды Фьюри.

Кезекті оралу

Айта кетейік, бұл Фьюридің карьерасындағы бірінші рет болып тұрған жоқ. Ол бұған дейін 2013 жылдың қарашасында, 2017 жылдың шілдесінде, 2022 жылдың сәуірінде және 2025 жылдың қаңтарында карьерасын аяқтап, қайтадан рингке оралып отырған.


Карьерасы мен жетістіктері

Тайсон Фьюри кәсіби рингте 37 жекпе-жек өткізіп, 34 рет жеңіске жетті, оның жиырма төртін нокаутпен аяқталған. Бір жекпе-жек тең нәтижемен бітсе, тағы екеуінде ол украиналық Александр Усиктен (24-0, 15 KO) жеңілді.

Әуесқойлар арасында Фьюри ЕО жасөспірімдер чемпионатын (2007) және Ұлыбританияның ABA нұсқасы бойынша чемпионатын (2008) жеңіп алған. Кәсіпқой деңгейде ол WBC, IBF, WBA (Super), WBO, IBO және The Ring журналының чемпиондық белбеулеріне иелік етті. Сонымен қатар, Фьюри - EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы және The Ring беделді марапаттарының бірнеше дүркін иегері, оның ішінде "Жыл боксшысы" мен "Жылдың қайта оралуы" атақтары бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport