Аты шулы боксшы қарсыласын төрт рет құлатты
Жеңіл салмақтағы ирландиялық проспект Майкл Конлан (17-1, 8 KO) колумбиялық Мигель Марриаганы (30-6, 26 KO) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіл салмақтағы ирландиялық проспект Майкл Конлан (17-1, 8 KO) колумбиялық Мигель Марриаганы (30-6, 26 KO) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек Ирландияның Белфаст қаласындағы Тhe SSE Arena шаршы алаңында өткен бкос кешінің басты оқиғасы болды. Конлан жетінші раундта қарсыласын бір құлатты.
First knockdown scored for @MickConlan11 ?#ConlanMarriaga pic.twitter.com/HmxqcFior5
— Top Rank Boxing (@trboxing) August 6, 2022
Келесі раундта Марриага тағы есеңгіреп қалды.
Marriaga touches the canvas again ?#ConlanMarriaga | LIVE on @ESPNPlus pic.twitter.com/fvZi4H9GZK
— Top Rank Boxing (@trboxing) August 6, 2022
Тоғызыншы раундта колумбиялық тағы екі рет құлады. Осыған қарамастан Марриага жекпе-жек соңына дейін шыдады. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 99-88, 99-88 және 99-88 есебімен Конланға берді.
? ICYMI: Mick Conlan dominated and dropped Miguel Marriaga multiple times on his way to a 10-round points win.
— Boxing Waffle?? (@BoxingWaffle) August 6, 2022
Conlan proving again he belongs at World level.#Boxing #ConlanBoxing pic.twitter.com/ZtqBlwaoll
Еске салайық, Конлан 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы қылығымен әлемге танылып кетті. Ол жарыстың ширек финалында ирландиялық боксшы ресейлік Владимир Никитинге есе жіберді. Сол кезде төрешілер шешімімен келіспеген ирландиялық оларға саусағын шошайтқан еді. Содан кейін ол бірден әуесқойдан кетіп, кәсіпқой карьерасын бастады.
Жарнама