Аты аңыз промоутер көз жұмды

©ekstrabladet.dk

Даниялық атақты промоутер, мачтмейкер әрі менеджер Могенс Палле 88 жасында көз жұмды. vRINGe.com мәліметінше, функционер ұзақ уақыт қатерлі ісікпен күресіп келді. 

Палле промоутер карьерасын 1957 жылы әкесімен бірге бастаған. 1964 жылдан бастап ісін жеке жүргізді де, Том Богс және Борье Крог сияқты әйгілі әуесқйойлармен келісімшартқа отырды. 

Палле угандалық Аюб Калуленің де ісін жүргізген. Ол Майк Маккаллум мен Рэй Леонард сияқты аңыздармен жұдырықтасқан.

Сондай-ақ, промоутермен ағайынды Бредаль, Бо Якобсен, Андерс Эклунд, Брайан Нильсен, Томас Дамгаард, Мадс Ларсен, Руди Маркуссен және Миккель Кесслер сияқты атақты боксшылар бірге жұмыс істеген.

Егде жасы мен ауыр науқасына қарамастан, Палле промоутер карьерасын тек биыл 22 сәуір Копенгагенде өткен бокс кешінен кейін ғана тоқтатты.

2008 жылы Могенс Палленің аты Бокс даңқының халықаралық залына жазылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар