Супержеңіл салмқатағы өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашевтың (23-1, 20 КО) титулды жекпе-жекке бірнеше ай қалғанда Мәскеуде аяғына пышақ ұрып кеткен екен, деп жазады Vesti.kz.
Қараша айында Лас-Вегаста Эргашев пуэрториколық Субриэль Матиастан (20-1, 20 КО) IBF титулын тартып ала алмады. 12 раундқа есептелген айқас бесіншісінде ақталған еді. Эргашевтың комнадасы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша, жарақат салдарынан өзбек боксшы карьерасында алғаш рет жеңілді.
Бұл ақпаратты боксшының промоутері Дмитрий Салита (Salita Promotion) растап отыр:
"Шохжахон нағыз ер болғандықтан жекпе-жектен бас тартпады. Алайда жекпе-жек кезінде жарақат алған аяғы ісіп кетті. Осыдан кейін Шохжахон қозғала алмай қалды".