Бокс
4 шілде 2022 17:15

Атақты Майк Тайсон түрмедегі өмірі туралы ашық айтып берді

© Reuters

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Майк Тайсон өзінің абақтыдағы өмірі туралы шындықты ортаға салды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" The Pivot подкастына сілтеме жасай отырып.

Әлемге танымал спортшының айтуынша ол түрмеде 30 келіге жуық салмақ тастаған. 

"Мен ол жақта бәрімен тіл табыстым. Абақтыда отырған үш жыл мен үшін естен кетпес жақсы жылдар болды. Ол жақта менің ақшам аз болды, бірақ, одан да маңызды тыныштық деп аталатын дүниемен толықтым. Жаның тыныш болмаса, ақша керек емес. Өз өміріңді басқару үшін салқынқандылық пен сабырлық керек. Басқасы маңызды емес! Тыныштық" - дейді Тайсон. 

"Мен түрмеде жаттығуымды тоқтатпадым. Күнде 13-15 километр жүгіріп, түнде камера ішінде төрт сағат тоқтамай жүретінмін. Абақтыға жабылғанда 129 келі болсам, шыққанда 98 келі болдым".  

Қоса кетейік, Майк Тайсон 1992 жылы зорлық-зомбылық жасады деп айыпталып, алты жылға қамалған еді. Алайда ол үш жылдан кейін бостандыққа шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport