Бокс
2 қыркүйек 09:55

Атақты "Құбыжықпен" айқасатын өзбек боксшы шын ойын айтты

© instagram.com/worldofboxingpromotions

Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиев (14-1, 11 KO) екінші ең жеңіл салмақта абсолют чемпион атағына ие жапониялық Наоя Иноуэмен (30-0, 27 KO) жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 14 қыркүйекте Жапонияның Нагоя қаласында өтеді. Бұл кездесу филиппиндік Марлон Тапалеспен титулдық кездесуде жеңілген өзбек боксшысы үшін үлкен сынақ болады. Муроджон сол жеңілістен кейін үзіліссіз үш жеңіске жетіп, міндетті үміткер атанды.

Ахмадалиевтің өзіне сенімі

"Мен осығанжету үшін көп еңбектендім және жекпе-жек кешінде өзімнің ең мықты күйімді паш етемін, - дейді Ахмадалиев The Ring журналына берген сұхбатында. - Менде ең жоғары деңгейде жұдырықтасуға қажетті дағдылардың жиынтығы бар. Әлемге менің бұл мәртебеге лайық екенімді және ең үздік екенін дәлелдеймін".

Жекпе-жектің ықтимал нәтижесі

Ахмадалиев қарсылас та, өзі де нокаутқа түсіп қалуы ықтимал екенін жоққа шығармады:

"Егер екеуіміздің біріміз таза соққы өткізіп аласақ, нокаут болады. Ашық жекпе-жекте мұндай болатыны сөзсіз".

Букмекерлер Иноуэді фаворит деп санаса да, өзбек боксшысы өз күшіне сенімді.

Әлемдік аренадағы тәжірибесі

Ахмадалиев халықаралық аренада мол тәжірибеге ие, ол кейінгі үш жекпе-жегін нокаутпен жеңді, әрі Өзбекстан құрамасы сапында 74 кездесуге шыққан. Иноуэмен кездесу оның әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі екенін дәлелдеуге және ең жоғары деңгейдегі айқастарға дайын екенін көрсетуге мүмкіндік береді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport