Бокс
Бүгін 14:31
 

Атақты Кроуфорд Әлімхарнұлына жекпе-жек ұсынды: Жәнібек бірден жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Атақты Кроуфорд Әлімхарнұлына жекпе-жек ұсынды: Жәнібек бірден жауап берді ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Үш салмақ дәрежесінде абсолют чемпион атанған америкалық Теренс Кроуфорд қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Йоэнлис Эрнандес (11-0, 9 КО) арасында жекпе-жек өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Үш салмақ дәрежесінде абсолют чемпион атанған америкалық Теренс Кроуфорд қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Йоэнлис Эрнандес (11-0, 9 КО) арасында жекпе-жек өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы Эрнандестің орнына Канелоны таңдады

Кроуфорд әлеуметтік желідегі парақшасында көргісі келетін жекпе-жектердің тізімін жариялап, оған Әлімханұлы мен Эрнандес арасындағы айқасты да қосты.

Қазақстандық боксшы америкалықтың жазбасына жауап беріп, мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен (63-3-2, 39 КО) кездесуді қалайтынын аңғартты.

"Бауырым, неге Жәнібек - Канело емес?" - деп жазды Әлімханұлы.

Қазақстандық боксшы мексикалықтың салмағына көтерілді

Бұған дейін Әлімханұлы орта салмақта WBO чемпионы болған. Алайда ол чемпиондық белбеуін босатып, екінші орта салмаққа көтерілді. Альварес те дәл осы салмақта өнер көрсетіп жүр.

Ал Эрнандес кәсіпқой карьерасын орта салмақта жалғастыруда. Кубалық боксшы кәсіпқой рингте өткізген 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, оның тоғызын мерзімінен бұрын аяқтады.

Әлімханұлы кәсіпқой бокста өткізген 17 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті, оның он екісі нокаутпен. Альварес 68 жекпе-жек өткізіп, 63 рет жеңіске жеткен, үш рет жеңілген және екі кездесуде тең түскен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!