1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 12:42
 

Атақты чемпион қарсыласын екі рет құлатты да, ары қарайғыны ешкім күтпеді

  Пікірлер

blog.share

Атақты чемпион қарсыласын екі рет құлатты да, ары қарайғыны ешкім күтпеді ©

WBC нұсқасы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, украиналық боксшы Александр Гвоздик (21-3, 17 KO) Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте нокаутқа түсіп қалды. Бұл кездесу UFC президенті Дана Уайт іске қосқан Zuffa Boxing жобасы аясында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

WBC нұсқасы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, украиналық боксшы Александр Гвоздик (21-3, 17 KO) Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте нокаутқа түсіп қалды. Бұл кездесу UFC президенті Дана Уайт іске қосқан Zuffa Boxing жобасы аясында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гвоздиктің қарсыласы АҚШ атынан өнер көрсететін, тегі сербиялық жартылай ауыр салмақтағы боксшы Радивое Калайджич (30-3, 22 KO) болды.

Жекпе-жек барысында Гвоздик бірнеше рет қарсыласын нокдаунға түсіріп, рефериге есеп ашқан болатын. Украиналық боксшы 10 раундқа жоспарланған айқаста анық жеңіске жететіндей көрінді. Алайда жетінші раунндта күтпеген жағдай болды. Калайджич қарқынын арттырып, Гвоздикті бір есеңгіретті.

Украиналық боксшы орнынан тұрғанымен, көп ұзамай екінші рет нокдаунға түсіп, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осыдан кейін рефери айқасты тоқтатты.

Кәсіпқой рингте Александр Гвоздиктің еншісінде 21 жеңіс және 3 жеңіліс бар. Ал Радивое Калайджич 30 рет жеңіске жеткен (22 нокаут) және 3 рет жеңілген.

Zuffa Boxing - UFC президенті Дана Уайттың бастамасымен 2026 жылдың басында іске қосылған ауқымды жоба. Ол Сауд Арабиясының Sela компаниясы мен TKO холдингінің қолдауымен құрылды. Бұл дәстүрлі бокс ұйымдарынан (WBC, WBA және т.б.) тәуелсіз жұмыс істейтін орталықтандырылған жабық бокс лигасы. Жобаның өз рейтингтері, титулдары, 200 боксшыдан тұратын ростері бар және жекпе-жектер Paramount+ платформасында көрсетіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!