Жеңіл салмақтағы WBA чемпионы Джервонта Дэвис (30-0-1, 28 KO) 14 қарашадағы Джейк Полмен (12-1, 7 KO) тамаша үшін өтетін жекпе-жек қарсаңында басы дауға ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дэвис адам ұрлау және ұрып-соғу айыбымен күдікке ілінді
BoxingScene мәліметінше, осы аптада АҚШ-тағы Майами-Дейд округінің сотына Джервонта Дэвиске қарсы азаматтық іс түскен. Боксшыға ұрып-соғу, адам ұрлау және қасақана моральдық зиян келтіру айыптары тағылған. Чемпионның сүйіктісі Кортни Росселдің айтуынша, спортшы оны Флорида штатындағы түнгі клубтардың бірінде тұншықтырып, итеріп, желкесінен ұрған.
Сонымен қатар, арызда Дэвистің "әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейімділігі мен қалыптасқан әрекет үлгісі бар" деп көрсетілген. Росселдің сөзіне қарағанда, боксшы оған кем дегенде төрт рет өлтіремін деп қорқытқан.
Джейк Полмен жекпе-жекке қауіп төнді
Джейк Полдың промоутерлік компаниясы Most Valuable Promotions жағдайды бақылауда ұстап, бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр. Дереккөздер мәліметінше, үш балама нұсқа талқылануда:
Дэвисті жаңа қарсыласпен ауыстыру;
Жекпе-жек күнін кейінге шегеру;
Айыптардың ауырлығына байланысты ивентті толық тоқтату.
Бұл жанжал стримингтік платформаның шоу трансляциясынан бас тартуына да әкелуі мүмкін екені де айтылып жатыр. Ал жекпе-жекке дейін екі аптадан аз уақыт қалды.
Дэвисте бұрын да заңмен қиындықтар болған
Бұл америкалық чемпионның заңды алғаш бұзукы емес. Жыл басында оған қарсы қозғалған тұрмыстық зорлық ісі жабылғанымен, ол жағдай кіші Ламонт Роучпен өтетін реванштың тоқтауына себеп болған еді.
Еске салайық, Джервонта Дэвис әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі. Оның кәсіби рекорды 30 жеңіс (28 нокаут), бір тең нәтиже және бір жеңіліс.
Егер бұл жанжал шешілмесе, ұйымдастырушылар "Танк" (Дэвистің лақап аты) орнына басқа қарсылас іздеуді жоспарлап отыр. Инсайдерлердің хабарлауынша, желтоқсан айында айқас өткізу туралы ұсыныс бұрынғы қарсыласы Райан Гарсияға жасалады.
Жарнама