Ауыр салмқата әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри (34-1-1, 24 КО) украиналық Александр Усикпен (22-0, 14 КО) бірінші жекпе-жек алдында болған отбасындағы қайғылы оқиғаны айтып берді, деп жазады SkySports.
Фьюридің әйелі - Пэрис жекпе-жекке бір күн қалғанда түсік тастапты.
"Жүктілігіне алты ай болған еді. Былайша айтқанда ол түсік емес. Ері басқа елде болғанында ол өлі нәресетені жалғыз босанды. Мұндайды бастан өткізу өте ауыр. Мен қасында бола алмадым. Бұл менің жаныма батады", - дейді Фьюри.
Бірақ боксшы мұны жеңілістің сылтауы етіп отырған жоқ. Фьюри түсік болғанын үйіне оралғанда бірақ білген, алайда әйелі жекпе-жек кешіне келмей қойғанда бірдеңе дұрыс емес екенін сезген екен. Өйткені Пэрис ешқашан күйеуінің жекпе-жектеріне келмей қойған емес.
"Жоқ, олай емес! Мен - абыройымды сақтайтын адаммын. Рингте мен жекпе-жек туралы ғана ойлаймын. Ол жерде эмоцияға орын жоқ. Бұрын да түсік болған. Кейде ондай болады. Тағы бала сүйеміз бе? Алдымен осы жағдайдан ес жиып алайық. Болды, жарайды жетер, доғарайық", - дейді боксшы.