1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 09:18
 

Атақты боксшы жақын достарының қазасынан кейін бокстан кетті

  Пікірлер

blog.share

Атақты боксшы жақын достарының қазасынан кейін бокстан кетті ©

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Энтони Джошуа (29-4, 26 KO) карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде боксшының көкесі Адедамола Джошуа мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Энтони Джошуа (29-4, 26 KO) карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде боксшының көкесі Адедамола Джошуа мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Энтони бұл шешімін отбасы мүшелеріне растапты.

"Ең бастысы — ол бокстан кетті, - деді Адедамола Джошуа. - Бұл бізді қуантады, өйткені ол әр жекпе-жекке шыққан сайын қатты уайымдайтынбыз. Әрбір нокдаун - біз үшін үлкен күйзеліс. Жүрек кеудеден шығып кете жаздайтын. Оның айқастары кезінде бастан өткерген эмоциялық ауыртпалық біз үшін тым қиын болды. Енді ол карьерасын танымалдылығының шыңында аяқтайтынын айтқанда, біз шынымен бақыттымыз", - деп келтіреді Адедамоланың сөзін BoxingScene.

Қазіргі таңда Джошуаның ісін жүргізетін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы бұл ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірген жоқ.


Джошуаның жетістіктері

Энтони Джошуа кәсіпқойда 29 жеңіске жетіп, төрт рет жеңілген. Ол әр жылдары IBF, WBA, WBO және IBO титулдарына ие болған.

Соңғы жекпе-жегін Джошуа 19 желтоқсанда өткізіп, америкалық блогер Джейк Полды нокаутпен жеңген еді. Араға көп уақыт салмай, боксшы Нигерияда жол-көлік апатына түсіп, соның салдарынан Энтонидің бала кезінен бірге өскен екі жақын досы әрі бапкері қаза тапқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!