Атақты Боб Арум қазақстандық промоутерлік компаниямен бірлесіп жұмыс істейтінін мәлімдеді

©Top Rank

Қазақстандық Suleimen Promotions компаниясының басшылары Top Rank басшысы Боб Аруммен кездесіп, оны Қазақстанда өтетін WBC ұйымының 60-шы конвенциясына шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының жетекшілері Ибрагим және Халиолла Акдрашевтер мен Таңат Нұршин атақты промоутермен жолығып, оны Қазақстанға шақырып, ары қарай бірлесе жұмыс істеу мәселесін талқылады. 

"Сіздерге рақмет айта отырып, Қазақстанға WBC Конвенциясының 60 жылдығына келуді асыға күтудемін. Соңғы рет Қазақстанда әйеліммен бірге болғанмын, онда біз уақытты өте жақсы өткіздік. Қазақстан халқының қонақжайлылығы ерекше. Мен Қазақстан халқын жақсы көріп қалдым. "Suleimen promotions" командасымен біз бүкіл әлем бойынша үлкен істер жасаймыз деп айтқым келеді! Top Rank және бокс әлемі үшін бұл - жаңа бастама мен бағыт. Алға Қазақстан!", - деді Арум. 

Айта кетейік, WBC ұйымының 60-шы конвенциясы қыркүйек айында Қазақстанда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар