Қазақстандық атақты бапкер Тұрсынғали Еділов бокс федерациясында лауазымды қызметке тағайындалды.
"Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген федерация хабарламасында.
Еділов бас бапкер болып тұрғанында 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов алтын, ал Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков күміс жүлде жеңіп алған еді.