71 келідегі өнер көрсететін бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Италиядағы лицензиялық турнрді сәтті бастады.
Жарыстың алғашқы айналымында Асылан Финляндияның жеті дүркін чемпионы Сэм Мороватиді екі рет нокдаунға түсірген соң, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Шымбергенов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.