Асыланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңіп келесі кезеңге шықты

©AIBA

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергенов Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

1/8 финалда отандасымыз германиялық Магомед Шахидовпен кездесіп, үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының боксшыларынан Саматәлі Төлтаев (60 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Теміртас Жүсіпов (48 келі) ширек финалға шыққан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар