Бокс
27 қазан 2021 17:31
 

Асыланбек Шымбергенов әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты

  Пікірлер (1)

blog.share

Асыланбек Шымбергенов әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты ҚФБ

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергенов Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

blog.share
1

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергенов Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Әлем біріншілігіндегі алғашқы айналымда отандасымыз ирандық боксшы Фархад Моради Аташгахпен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл айқас бірінші раундта тоқтады. Себебі қарсыластың қабағы жарылып, дәрігер оған жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермеді. 

Енді келесі айналымда Шымбергенов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп үлгерген өзбекстандық боксшы Шахрам Гиясовпен кездеседі. 

Еске салайық, бүгін Белградтағы шаршы алаңда тағы бір отандасымыз өнер көрсетеді. 1/16 финалда 86 келіге дейінгі салмақта Бек Нұрмағанбет бразилиялық Кено Мачалоға қарсы жұдырықтасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!