Асылан Олимпиада лицензиясына бір қадам қалды

©IBA

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Олимпиадаға іріктеу турнирінің 1/8 финалында жекпе-жек өткізді, деп жазады Vesti.kz.

71 келі салмақта Шымбергенов түркменстандық Байрамдурды Нурмухаммедовпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Асылан төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 3:2.

Осылайша, қазақстандық боксшы жарыстың ширек финалына өтті. Ал бұл кезеңнен бастап Олимпиада лицензиясы ойнатылатынын айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар