Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) британиялық Дензел Бентлимен (21-3-1, 17 КО) қарымта жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар 2022 жылы рингте кездескен. 12 қарашада өткен айқаста Жәнібек қарсыласын төрешілер шешімімен жеңген еді. Енді Бентли WBO рейтингінде бірінші орынға жетіп, қарымта айқас талап етіп отыр.
Жәнібекбұл туралы не ойлайтынын айтты
"WBO титулына міндетті үміткермен қарымта қызықтыра ма? Жоқ. Егер біз тағы кездессек, ол тағы құлайды", - дейді Әлімханұлы.
Еске салайық, ертең 5 сәуірде Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) Астанада жекпе-жекке шығады.
Жарнама