Астанадағы Спартакиаданың ең мықты боксшысы анықталды

©Нұрғали Жұмағазы

Астанада бокстан республикалық VІ Спартакиада аяқталды. Төрт жылда бір өтетін бұл жарыста 16 облыс пен үш қаладан 176 боксшы 13 салмақтағы жүлде үшін таласты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделік есепте Астана көш бастады - үш алтын және екі күміс. Екінші Жамбыл облысы (3 алтын) және үшінші Түркістан облысы болды (2-2-1).

Қалған облыстар келесідей нәтиже көрсетті:

Ақмола облысы - 2 алтын, 1 күміс және 1 қола;

Алматы - 1-0-4;

Қызылорда облысы - 1-0-4;

Шымкент - 1-0-1;

Павлодар облысы - 0-2-3;

Атырау облысы - 0-2-0;

Абай облысы - 0-1-3;

Алматы облысы - 0-1-3;

БҚО - 0-1-1;

Маңғыстау облысы - 0-1-1;

Ұлытау облысы - 0-0-2;

ШҚО - 0-0-1;

Қарағанды облысы - 0-0-1

Жетісу облысы - 0-0-1

Қостанай облысы - 0-0-1

Төрт боксшы Спартакиада алтынын екінші рет алып отыр: Сәкен Бибосынов (51 кг), Талғат Шәйкен (Ақмола облысы), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг).

Сәкен Бибосынов Спартакиаданың ең мықты боксшысы атанды. Бұл жарыста жасы ең үлкені Теміртас Жүсіпов (35 жас), ал ең жасы Темірлан Мұқатаев болды (19 жас).

Спартакиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

48 келі:

1. Теміртас Жүсіпов (Ақмола)
2. Асхат Жүсіпов (Астана)
3. Ернар Қарап (Абай)
3. Ернұр Қайрат (Шымкент)

51 келі:

1. Сәкен Бибосынов (Түркістан)
2. Санжар Тәшкенбай (Астана)
3. Даниал Сәбит (БҚО)
3. Дамир Әбдіқадыр (Алматы)

54 келі:

1. Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда)
2. Кенже Мұратұлы (Алматы)
3. Тимур Қабдешов (Ақмола)
3. Дәулет Молдашев (ШКО)

57 келі:

1. Махмұд Сабырхан (Шымкент)
2. Оразбек Асылқұлов (Ақмола)
3. Ерболат Сабыр (Павлодар)
3. Асылжан Серікбай (Ұлытау)

60 келі:

1. Бейбарыс Жексен (Жамбыл)
2. Руслан Күзеубаев (Абай)
3. Талғат Сырымбетов (Қарағанды)
3. Алмат Абдуали (Жетісу)

63 келі:

1. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан)
2. Серік Теміржанов (Павлодар)
3. Жандос Қыдыралиев (Алматы)
3. Ерасыл Таңқай (Алматы)

67 келі:

1. Дулат Бекбауов (Жамбыл)
2. Бахтияр Смағұлов (Павлодар)
3. Елнұр Сүйінбай (Қостанай)
3. Рахат Сейтжан (Маңғыстау)

71 келі:

1. Талғат Шайкен (Ақмола)
2. Сабыржан Аққалықов (БҚО)
3. Фарух Тоқтасынов (Алматы)
3. Дархан Дүйсебай (Алматы)

75 келі:

1. Диас Молжігітов (Жамбыл)
2. Нұрқанат Райыс (Атырау)
3. Тимур Нұрсейітов (Ұлытау)
3. Азамат Бектас (Қызылорда)

80 келі:

1. Нұрбек Оралбай (Астана)
2. Бекзад Нұрдаулетов (Маңғыстау)
3. Ерасыл Жақпеков (Абай)
3. Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда)

86 келі:

1. Темірлан Мұқатаев (Астана)
2. Абзал Құттыбеков (Түркістан)
3. Шаймұрат Құсайынов (Павлодар)
3. Бекзат Таңатар (Шымкент)

92 келі:

1. Айбек Оралбай (Астана)
2. Сағындық Тоғамбай (Түркістан)
3. Данияр Рахымбердинов (Алматы)
4. Ерхат Бекзат (Абай)

+92 келі:

1. Дамир Тойбай (Алматы)
2. Аманат Сабырғали (Атырау)
3. Олжас Букаев (Павлодар)
4. Нұрлан Сапарбай (Түркістан)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар