2024 жылғы 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан Әлем кубогының кезеңі өтеді. Әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы қазірдің өзінде Алматыда турнирге дайындықтың соңғы кезеңін аяқтауда, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Жақын күндері ұлттық құрама елордаға ұшып келіп, жарыс басталғанға дейінгі жаттығуларын сол жерде жалғастырады. Журналист Аян Төлегеннің мәліметінше, жаттықтырушылар соңғы сәтте өзгеріс енгізбесе, Әлем кубогында ел намысын қорғайтын спортшылардың құрамы анықталған.
Алдын ала құрам:
48 кг – Назым Қызайбай
50 кг – Алуа Балкибекова
54 кг – Әнел Сақыш
57 кг – Айдана Забынбекова
60 кг – Виктория Графеева
65 кг – Аида Әбікеева
70 кг – Наталья Богданова
75 кг – Надежда Рябец
80 кг – Гүлсая Ержан
80+ кг – Елдана Тәліпова
Айта кетейік, Сербияның Ниш қаласында өткен IBA нұсқасы бойынша өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын (Назым Қызайбай, Алуа Балкибекова, Аида Әбікеева), 2 күміс (Виктория Графеева, Елдана Тәліпова) және 1 қола (Наталья Богданова) медаль жеңіп алған болатын.
Жарнама