"Астана арландарының" бұрынғы боксшысы Усиктің міндетті қарсыласы атанды
Ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF белбеулерінің иегері Александр Усикке міндетті қарсылас белгіленді. Бұл туралы Fightnews.info порталы хабарлады.
Ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF белбеулерінің иегері Александр Усикке міндетті қарсылас белгіленді. Бұл туралы Fightnews.info порталы хабарлады.
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирннің айтуы бойынша, IBF ұйымы украиналыққа хорватиялық боксшы Филипп Хрговичті міндетті қарсылас етіп тағайындаған.
"Қазір ғана IBF ұйымынан хат алдым. Онда Александр Усикке Филипп Хргович міндетті қарсыласы болып тағайындалғаны жазылған", - деп жазды Хирн Twitter парақшасында.
Негізі Усик келесі кездесуін WBC ұйымның чемпионы Тайсон Фьюримен өткізіп, әлемнің абсолют чемпионы атағын сарапқа салуға ниетті болған. Енді ол үшін Усик IBF ұйымымен келісуі керек.
Еске салайық, Филипп Хргович әуесқойлар арасында "Астана арландары" командасы сапында өнер көрсетіп, Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) екі мәрте топ жарды.
Жарнама