"Астана арландарының" бұрынғы боксшысы "Канело" мен Биволдың кардында жұдырықтасудан бас тартты
"Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы Филип Хргович (14-0, 12 КО) Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) андеркардында жұдырықтаспайды. Бұл туралы BoxingScene порталы жазды.
"Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы Филип Хргович (14-0, 12 КО) Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) андеркардында жұдырықтаспайды. Бұл туралы BoxingScene порталы жазды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Хргович қытайлық Чжан Чжилеймен (23-0-1, 18 КО) кездесуден бас тартқан. Бұл айқаста аса ауыр салмақтағы IBF чемпионының міндетті қарсыласы анықталуы керек еді.
Хорватиялық боксшы жекпе-жектен әкесінің өмірден өткеніне байланысты бас тартқан. Айта кетейік, Хрговичтің әкесі сәуірдің басында өмірден өтті.
IBF ережесі бойынша мұндай жағдайда кездесу кейінге шегерілуі керек. Алайда Чжилей Хрговичтің орнына басқа қарсыласты талап етіп отыр. Сондықтан Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы қазір басқа боксшы іздеуде. Енді Чжилей 10 раунд жұдырықтасады. Ал Филиппен Чжан 12 раундтық жекпе-жек өткізу керек болатын.
Еске салайық, Хргович "Астана арландарымен" екі мәрте Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) топ жарды. Кәсіпқой бокста ол 14 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
7 мамыр күні Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің басты айқасында мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол кездеседі.
Жарнама