"Астана арландарының" бұрынғы боксшысы чемпиондық белбеуді жеңіп алуға ниетті екенін мәлімдеді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін хорватиялық боксшы Филипп Хргович (14-0, 12 КО) жуық арада өз салмағында чемпиондық белбеуді жеңіп алғысы келетінін мәлімдеді, деп жазады Fightnews.info порталы.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін хорватиялық боксшы Филипп Хргович (14-0, 12 КО) жуық арада өз салмағында чемпиондық белбеуді жеңіп алғысы келетінін мәлімдеді, деп жазады Fightnews.info порталы.
Хорват боксшысының айтуынша, ол қазіргі уақытта қытайлық Чжан Чжилейге қарсы өтетін кездесуге дайындалуда. Бұл айқас 20 тамыз күні Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында Александр Усик пен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жектің андеркартында өтеді.
"Жақын арада Усик пен Джошуа жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесу өткізуге мүмкіндік аламын деп ойлаймын. Бұл кездесуде кімнің жеңіске жететіні маған қызық емес. Кез-келген қарсыласқа дайын боламын. Алда не боларын білмеймін. Алдымен Чжилейді жеңіп алайын. Содан кейін чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік беретін шығар", - деді Хргович.
Хргович пен Чжилей арасындағы жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы IBF белбеуінің міндетті қарсыласы анықталады.
Айта кетейік, Хргович Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) елордалық "Астана арландары" командасының намысын қорғап, осы жерден 2016 жылғы Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды. Сондай-ақ, ол WSB сериясында да топ жарды.
Жарнама