auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана Арландарының" бұрынғы басшысы клубтың таратылуына кінәліні атады

"Астана Арландарының" бұрынғы басшысы клубтың таратылуына кінәліні атады
© astanaarlans.com
"Астана Арланс" клубының бұрынғы бас директоры Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында команданың таратылуы туралы ойын айтты. 

Еске салайық, бүгін, 4 желтоқсанда Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Данияр Абулғазин "Астана Арландарының" таратылатыны туралы мәлімедеген болатын.

"Жақсы жоба еді, бірақ, жүйелі болмады. Командаға үлкен қаржы жұмсалды. Маркетинг жағынан түсініксіз тұстар көп еді. Шығын артқанымен, кіріс болмады. Бұған қатысты AIBA ештеңе істемеді. Идеяны құртты. 

Әр маусым соңында бізді жинайтын. Мерчиндайзингті дамытып, медиахолдингтармен кеңістікті ұлғайтуды ұсынатынбыз. Турнирдің жүлделік қоры 500 мың доллар. Мүшелік салым да осынша еді. Осыдан басқа кіріс болмады. Ал шығын үш-төрт есе көп. WSB-ге қатысу команда үшін шығын. Кейінгі жылдардағы AIBA даулары өзектілікке зиянын келтірді де, кері әсерді күшейтті. Бір-екі маусымнан кейін қанша команда бас тартқанын еске түсіріңіздерші. Бұл жоба жабылуы мүмкін. 

Алғашқы маусымнан даулар басталды. Боксшылардың құқы тапталды. WSB боксшылары неге Олимпиадаға AIBA немесе Олимпиада туы астында қатыса алмайды деген сұрақ көтердік. Олар лицензияны AIBA-дан жартылай кәсіпқой жарыста алады ғой. Жүйелік қателіктер жылдар бойы келе жатыр. Олар олимпиадалық бокста бар жақсыны түгел құртты. Ең жаманы ереженің ауысуы. Ақыры ұйым да құрдымға кетті. AIBA жүз жылдығын тойлайды, алайда, барлық мұра аяққа тапталды. 

Клуб басшылығы жаңа бағыт табады деген ойдамын. Мұндай ұжым, команда таратылатыны өкінішті. Осындай жағдай. Футболшыларымыз қуантып жатқанда, боксшылармен осындай болағын көңілге қаяу келтіреді", - деп атап өтті Манкенов. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама