"Астана арландарының" боксшысы нокдаунға қарамастан Усик - Джошуа кардында жеңіске жетті

©twitter.com/DAZNBoxing

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін хорват боксшысы Филип Хргович (15-0, 12 KO) қытайлық Чжан Чжилейден (24-1-1, 19 KO) жеңісті жұлып алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Боксшылар Александр Усик пен Энтони Джошуа арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығуға мүмкіндік үшін жекпе-жек өткізді. Бұл кездесу 12 раунд болды. Ал оның қорытындысы бойынша 115-112, 115-112 және 114-113 есебімен Хргович жеңіске жетті. 

Кездесудің бірінші раундында Хргович нокдаунға түсіп қалды. Бірақ ары қарай тез есін жиып, қалған раундтардың барлығын өзінің пайдасына аяқтады. 

Айта кетейік, Хргович Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) елордалық "Астана арландары" командасының намысын қорғаған. Ол осы жоба арқылы 2016 жылғы Олимпиадасын жеңіп, қола жүлдегер атанған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар