"Астана арландарында" өнер көрсеткен боксшы "Канело" - Бивол андеркардында жұдырықтасады

©ringside24.com

Бүкіләлемдік бокс сериясында елордалық "Астана арландары" сапында өнер көрсеткен хорватиялық боксшы Филипп Хргович кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 7 мамыр күні өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл күні Лас-Вегас қаласында екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол кездеседі. 

Осы айқастың андеркардында аса ауыр салмақтағы Филипп Хргович те өнер көрсетеді. 12 раундқа жоспарланған бұл айқаста Хрговичтің қарсыласы қытайлық Чжан Чжилэй болады. 

Айта кетейік, 29 жастағы хорват боксшысы кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оған дейін "Астана арландарымен" бірге Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсетіп, топ жарды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар