"Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін хорватиялық боксшы Филип Хргович (12-0, 10 KO) кәсіпқой боксты өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Хорват боксшысы Голливуд (Флорида штаты, ҚШ) қаласында өткен бокс кешінше шаршы алаңға шығып, 39 жастағы америкалық Райделл Букерді (26-4, 13 KO) жеңді. Негізі жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Бірақ кездесудің бесінші раундында төреші айқасты тоқтатып, жеңісті Хрговичке берді. 28 жастағы Филипп қарсыласын екінші раундта бір нокдаунға түсіріп алған болатын.
Осылайша ол кәсіпқой бокстағы 12 жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, кезінде WSB сериясында "Астана арландары" командасының намысын қорғаған Хргович кәсіпқой боксқа 2016 жылы ауысты.

Жарнама