Әскерилер арасында Қазақстан құрамасы үш алтын алды

26 қыркүйек 2021 20:25
©Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасы әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша ел қоржынына үш алтын, бір күміс және үш қола жүлде түсті. 

49 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, 75 келіде Тимур Нұрсейітов, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абзал Құттыбеков жарыс жеңімпаздары атағына ие болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар