"Ашылсаң болғаны, өлтіреді". Сарапшы "Канеломен" жекпе-жектегі Головкиннің басты кемшілігін көрсетіп берді

Сурет: Allboxing
Америкалық BoxingScene.com порталының журналисті Стивен Эдвардс қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы жекпе-жектерге қатысты ойын айтты.

Сарапшы GGG-дің екі кездесудегі әрекеттері мен кемшілігін сынға алды. 

"Ешкім "Канелоның" денесінен соққы жасамайды, өйткені ол қарымта панчтердің шебері - есесіне ол сенің бетіңнен ұрады. Ал денеден соққы жасаған боксшы көбіне жеңіске жетеді, бірақ, Альварес қарсыластарының ешқайсысы да осыған тырысқан да жоқ. Головкин де денесінен мүлде соққы жасамағанына көңілім қалды. Әрине мұның себебі бар - "Канело" ашылсаң болғаны, өлтіреді", - деп жазыпты автор өз айдарында.