Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жуырда өзінің орындасарымен болған даулы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы – мен үшін ең үлкен құндылық.
Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес.Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді.
Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды.
Барлықтарыңызға рақмет! Қазақтың күші – бірлікте!", - деді Сәпиев Әлеуметтік желі арқылы.
Бұл мәлімдеме Қарағанды облысы Денешынықтыру және спорт басқармасында дөкөлердің білгенін істеп жатқанының анық дәліелі іспеттес, өйткені Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогін иеленген атақты боксшы, сайып келгенде өзінің тікелей бастығына жұдырық ала жүгіруі Дәурен Есімханов бұл қызметте "көкелерінің тіреуімен" жүргенін ашық көрсетіп отыр емес пе?