Бокс туралы "неКАРАтэ" арнасы Жәнібек Әлімханұлын (10-0, 6 КО) өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) салыстыруға қатысты пікір білдірді.
"Әлімханұлының жекпе-жегінен кейін Қазақстанда екінші Головкин пайда болды деген ақпарат жаппай тарады. Әлімханұлы бар да, Головкин бар. Мүлде басқа екі боксшы. Әлімханұлы ақылды бокс көрсетті, мықты, өскендігін көрсетті, сөзсіз жеңді. Бәрі тамаша болды. Бірақ ол басқа жігіт. Бірі қашықтықтан жұдырықтасады, екіншісі - орта-жақын қашықтықта, қуатты, панчер.
Бірі жақсы, екіншісі ондай емес деп жатқаным жоқ. Екеуі де мықты айқастар өткізеді. Бірақ Головкин болуға тырысудың мәні жоқ. Әркімнің өз жолы бар, биіктерге солай жетеді. Ал Әлімханұлының болашағы зор екені жүз пайыз. Өскен, ақылды боксшы.
Бәрін Головкинге теңей береді. Сондықтан осы тақырыптағы мақалалар ашуыңды келтіре бастайды екен", - деп атап өтті арна тілшілері.