Бокс
22 сәуір 2022 12:45

Әшкере болды. Америкалық басылым "Канелоның" өтірігін ашты

©MARCA

Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жекпе-жек алдында өтірігі ашылды. Вoxing247.com мәліметінше, мексикалық жанкүйерлеріне өтірік айтып келеді.

"Канело" 7 мамырда Дмитрий Биволдан (19-0, 11 КО) жеңілсе де, Головкинмен айқас туралы ойлауы керек. 

Екі жекпе-жек келісімшарты - мамырда Бивол және қыркүйекте Головкинмен, "Канелоға" 100 миллион доллар көлемінде табыс әкеледі.

Сондықтан Альварес 2018 жылдан бері сұрап келе жатқан айқасқа биыл ғана келісіп, "тек жанкүйерлер үшін ғана" деуі қаншалықты рас? Негізгі себеп ақша емес пе деген ой туады. 

Ал Головкин "Канелоның" арадағы текетірес "жеке басқа қатысты" дегеніне тіптен таң қалуда, өйткені, шешуші айқас өткізуге төрт жыл қажет болды. Өш алғысы келген адам осынша күте ме?

Кейбір жанкйүерлер "Канело" Головкинге екі мәселе бойынша ренжулі деп есептейді. Біріншіден, оның жеңісін Геннадийдің ақысын жеу дегеніне. Екіншіден, Сауль допинг дауына іліккенде қазақстандық боксшы оның сиыр етіне қатысты болғанын тексермей жатып пікір білдірді", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport