31 жастағы қазақ боксшы 33 жастағы жергілікті Клеотис Пендарвиспен (21-5-2, 9 КО) кездесу өткізеді. Он раундқа есептелген жекпе-жек жеңімпазы бірінші орта салмақта WBC тұжырымындағы АҚШ чемпионы (USNBC) атанады.
Мадияр соңғы рет 5 шілде Алматыда жұдырықтасып, жетінші раундта украиналық Игорь Фаниянның (16-21-3, 8 КО) қабағы жарылғандықтан төрешілердің техникалық шешімімен жеңген.
Ал Пендарвис мұның алдындағы кездесуінде Абель Санчесте жаттығатын украиналық Сергей Богачуктен (15-0, 15 КО) жеңілген.