Бокс
24 маусым 2019 16:45

Әшкеев Головкинннің бұрынғы қарсыласын жеңген боксшымен жұдырықтасады

Спортшының әлеуметтік желісінен
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (12-0, 6 КО) титулды жекпе-жегіне қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


30 жастағы Әшкеев 5 шілде Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Бұл шоудың басты оқиғасында Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен доминикандық Хулио де Хесус (28-1, 27 КО) жекпе-жек өткізеді.

QAZAQ Promotions ақпаратынша, Мадиярдың қарсыласы 34 жастағы эстониялық Павел Семенов (24-11-2, 9 КО) болады. Өзінің алғашқы жекпе-жегінде ол Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы - угандалық Кассима Оумуды төрешілер шешімімен жеңгенін айта кетейік. Кездесу форматы он раунд.

Бұл жекпе-жекке Әшкеевке тиесілі NABF Junior белбеуі және бірінші орта салмақтағы Ұлттық бокс қауымдастығының титулы тігіледі.




Әшкеев соңғы рет 23 мамыр АҚШ-та жұдырықтасып, жергілікті Сесил Маккаллуды (21-3, 8 КО) төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, жерлесіміз Солтүстік Американың бірінші орта салмақтағы NABF Junior белбеуін жеңіп алды.

Кәсіпқойда Әшкеев 2015 жылдың желтоқсанынан өнер көрсетіп келеді. 12 кездесуінің біреуін Ресейде, ал қалғанын АҚШ-та өткізген. Алдағы жекпе-жек ол үшін отанындағы алғашқы жұдырықтасу болады.