Белгілі промоутер Александр Красюк қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) карьерасындағы басты қиындықты атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстағы ащы шындық
43 жастағы маманның айтуынша, кәсіпқой бокстағы ащы шындық - ол тіпті ең талантты әрі атақты спортшының өзі әрдайым лайықты назар мен қаржылық сыйақыға жете бермейтіндігі. Оның ойынша, атақты чемпиондар медиялық танымалдықтың төмендігінен әлі күнге дейін титулдар біріктіретін жекпе-жектерге шыға алмай жүр.
"Бізде тамаша боксшылар көп, бірақ, олар үлкен табысқа жете алмаған болуы мүмкін. Шынайы жұлдыздар ғана шын мәнінде үлкен гонорар алады. Бахрам (Муртазалиев) пен Жәнібек (Әлімханұлы) - өз дивизионында үздіктер қатарында екені сөзсіз, алайда, олар әлі де көпшілікке кеңінен танымал емес. Қазір бәрі олардың промоутерлеріне байланысты - дәл солар боксшыларды ілгері тартып, танымал ете алуы керек", - деп келтіреді Красюктің сөзін The Ring.
Жәнібекте екі титул бар
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие. Ал ресейлік Бахрам Муртазалиев (23-0, 17 KO) бірінші орта салмақта IBF чемпионы.
Абсолют чемпион атағына жету үшін Жәнібекке өз дивизионында тағы екі белбеуді жеңіп алу қажет. Оның бірі доминиканалық Карлос Адаместегі (24-1-1, 18 KO) WBC белбеуі, ал екіншісі кубалық Эрисланди Ларадағы (31-3, 19 KO) WBA титулы.
Жарнама