ASBC әлемдегі ең мықты қазақ боксшыны атады

©РИА Новости

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирдегі қазақстандық боксшылардың өнерін атап өтті, деп жазады Vesti.kz.

Турнир қорытындысы бойынша бес қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасына жолдама иеленді: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұт Сабырхан (57 келіге дейін), Асыланбек Шымбергенов (71 келі) Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі).

Олардың төртеуі әлем чемпионы (Айбек - Азия чемпионы). ASBC Қазақстан құрамасы капитанын ерекше атап өтті:

"Шымбергенов әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі екенін дәлелдеді", - делінген жазбада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар