Аса ауыр салмақтағы қазақ боксшы қарсыласына берілуден басқа амал қалдырмады

Сурет: ҚР ХОК. Сәли Сабыров©
Жастар Олимпиадасының күміс жүлдегері Дамир Тойбай Дербенцте (Венгрия) өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған халықаралық турнирін нокаутпен бастады. Супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы жергілікті боксшы Ласло Фелфолдиді берілуге мәжбүр етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзге екі қазақстандық боксшы да жеңіске жетті. Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Айдос Арапов ботсваналық қарсыласын, ал жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ермахан Жәкпеков ресейлік боксшыны жеңді. 

Бірінші күн жекпе-жектерінің нәтижесі:

57 келіге дейін,  бірінші алдын ала айналым: Айдос Арапов - Майтева Тефо (Ботсвана) - 5:0;

75 келіге дейін, бірінші алдын ала айналым: Ермахан Жәкпеков - Магомед Алимсултанов (Ресей) - 5:0;

91 келіден аса, екінші алдын ала айналым: Дамир Тойбай - Ласло Фелфолди (Венгрия) - қарсылас екінші раундта бас тартты.

Еске салайық, Венгрияда өтетін дәстүрлі халықаралық Иштван Бочкай мемориалы 8 ақпанда аяқталады.